«Барыс» кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясын Санкт-Петербургте СКА командасына қарсы матчпен бастайды.
Нева жағалауындағы «армиялықтар» өткен турда өз алаңында «Локомотивке» 2:3 есебімен есе жіберді. Бір қызығы, алаң иелері екі шайбаны да үшінші кезеңде қақпашыны алмастырып, қосымша шабуылшымен басымдықта ойнаған сәтте соқты. Гол авторлары Данил Аймурзин мен команданың үздік сұрмергені Николай Голдобин (6+19) болды. Артемий Плешков 22 соққыға тосқауыл қойды. Андрей Разин командасына орынсыз айыптар мен өрескел қателіктер кедергі болғанын айтты.
СКА 29 кездесуден кейін 30 ұпай жинады. Команданың жарақат алған ойыншылары қатарында Захар Бардаков, Линус Вайссбак, Валентин Зыков және Игорь Ларионов бар.
Ал «Барыс» сәрсенбі күні өз алаңында өткен тартысты кездесуде «Северстальді» жеңді. Шешуші шайбаның авторы - чемпионаттың үздік сұрмергені әрі бомбардирі Джастин Бэйли. Ол осы маусымда 30 (19+11) ұпай жинаған Лиганың алғашқы ойыншысы атанды. Тағы бір шайбаны Логан Дэй соқты. Семён Симонов осы тұрақты чемпионаттағы 10-нәтижелі пасын берді. Астаналықтар сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Дмитрий Николаев қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды. Михаил Кравец демалыс күндері мен қысқа жаттығулардан кейін ойыншылардың бұрын жеңіске жеткізген бабына қайта келе бастағанын атап өтті.
«Барыс» 30 матчтан кейін 31 ұпаймен өз жолын жалғастырып келеді. Командалар маусымдағы алғашқы кездесуде қыркүйек айының соңында Астанада жолығып, ол ойында алаң иелері 3:5 есебімен жеңіліп қалды.
Матч Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.
Тікелей эфир KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
Бас серіктес - «Барыс» ХК-нің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Серіктес - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.