Астаналық ұжым қаңтар айындағы ұзаққа созылатын сырт алаң сериясын Курган қаласында «Тюменский Легион» командасына қарсы ойындардан бастайды.
Тюмендік команда Новосібірде қысқа мерзімді сырт алаң сериясын аяқтап, қарсыластармен ұпай бөлісті. Бірінші ойында 1:2 есебімен алаң иелеріне жеңіліп, жалғыз шайбаның авторы Роман Редько атанды. Екінші ойында Сергей Шепелевтің шәкірттері сенімдірек ойнап, 3:2 есебімен овертаймда жеңіске жетті. Негізгі уақыттағы нәтижелі шабуылдарға Тимур Холиков пен Роман Редько үлес қосса, овертаймның қаһарманы Иван Яновский болды.
Астаналықтармен кездесу кезінде «Легион» 39 ойыннан кейін 21 ұпай жинап, Күміс дивизион турнирлік кестесінде 9-шы орында тұр.
Өз кезегінде «Снежные Барсы» қысқа мерзімді үй сериясын «Красноярские Рыси» командасына қарсы аяқтады, онда қарсыластар да жеңістерін алмасты. Алғашқы ойында 6:3 есебімен алаң иелері жеңіске жетіп, шайбаларды Таир Бигаринов, Айтуар Нуржанов және Мстислав Шипилин соқты, ал Аристарх Киреев хет-трик жасады. Екінші ойында «Снежные Барсы» 0:3 есебімен красноярлықтарға жол берді.
Қазіргі таңда «Снежные Барсы» 35 матчта 11 ұпай жинап, Күміс дивизион турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.