Снежные Барсы – Мамонты Югры матчы алдында
21 Ақпан 2026

Снежные Барсы – Мамонты Югры матчы алдында

Астаналық ұжым ақпан айындағы қысқа мерзімді үй сериясын бастап, өз мұз айдынында «Мамонты Югры» командасын қабылдайды.

Астанаға келер алдында «мамонттар» өз алаңында қазандықтармен екі матч өткізді. Бұл кездесулерде командалар бір-бір жеңістен бөлісті. Алғашқы ойында алаң иелері 4:2 есебімен басым түсті. Дмитрий Бурлуцкийдің ойыншылары сапынан Тимофей Харитонов пен Ростислав Галимук нәтижелі ойын көрсетті, ал Никита Бураков дубль авторы атанды. Екінші кездесуде «мамонттар» дәл сондай ойын көрсете алмай, қонақтарға 0:4 есебімен «құрғақ» жеңіліс тапты.

Астаналықтармен кездесу алдында «Мамонты Югры» Шығыс конференциясының Алтын дивизионы турнирлік кестесінде 48 матчтан кейін 61 ұпаймен 4-орында тұр.

Соңғы бес ойында команданың ең нәтижелі ойыншысы Глеб Цыплаков. Оның еншісінде 3 ұпай (0 гол + 3 пас).

Ал «Снежные Барсы» Пермь қаласындағы сырт алаңдағы сериясын аяқтап, МХК «Молот» командасына қарсы ойнады. Астаналықтар алаң иелерін негізгі уақытта екі рет жеңіп, жеңісті сериясын бастады. Алғашқы ойында 5:3 есебімен өткен кездесуде 2008 жыл ойыншылары Расул Тұрсынов пен Жахангер Тілеухан осы матчта алғашқы шайбаларын соқты. Сондай-ақ Асанәлі Русланұлы, Тимур Миндубаев және Ильхён Тен де нәтижелі ойын көрсетті.

Екінші кездесу голдарға аса бай болмағанымен, 3:1 есебімен аяқталды. Бұл ойында Тимур Миндубаев пен Расул Тұрсынов тағы да нәтижелі әрекеттерімен көзге түссе, команда капитаны Руслан Түсіпбеков те шайба соқты.

Қазіргі таңда «Снежные Барсы» 46 матчта 19 ұпай жинап, Күміс дивизионы турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.

Соңғы бес кездесуде команданың ең нәтижелі ойыншысы Тимур Миндубаев. Оның еншісінде 6 ұпай (4 гол + 2 пас).

Матчтың тікелей трансляциясын КХЛ ТВ, КХЛ Prime және InHockey арналарынан көруге болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Иэн Маккошен