Астаналық ұжым ақпан айындағы үй сериясын аяқтап, өз аренасында қазандық «Ірбіс» командасын қабылдайды.
Астанаға келер алдында қонақтар Нижнекамск қаласында «Реакторға» қарсы сырт алаңдағы матч өткізіп, овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Раиль Хусаенов дубль авторы атанды, ал Илья Коломыцев бір шайба соқты. Бұған дейін Максим Овчинниковтың ойыншылары Әлметьевскіде өткен кездесуде жеңіліс тапқан болатын. Овертаймда 2:3 есебімен «Спутник» басым түсті. Ирек Гайнуллин мен Раиль Хусаенов шайба соққан еді.
Астаналықтармен кездесер сәтте «Ірбіс» Шығыс конференциясының Алтын дивизионы турнирлік кестесінде 49 матчтан кейін 73 ұпаймен көш бастап тұр.
Соңғы бес ойында команданың ең нәтижелі ойыншысы Раиль Хусаенов. Оның еншісінде 6 ұпай (4 гол + 2 пас).
«Снежные Барсы» өз алаңындағы сериясын Нижний Новгородтың «Чайка» командасына қарсы матчтан кейін жалғастырып жатыр. Бұл кездесуде астаналықтар 0:6 есебімен жеңілді. Бұған дейін де олар «Мамонты Югры» командасынан 0:8 есебімен ұтылған болатын.
Қазіргі таңда «Снежные Барсы» 48 матчта 19 ұпай жинап, Күміс дивизион турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.
Соңғы бес кездесуде команданың ең нәтижелі ойыншысы Тимур Миндубаев. Оның еншісінде 5 ұпай (3 гол + 2 пас).
Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын КХЛ ТВ, КХЛ Prime және Inhockey арналарынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.