Астаналық ұжым ақпан айындағы үй сериясын жалғастырып, өз аренасында Нижний Новгородтың «Чайка» командасын қабылдайды.
Астанаға келер алдында қонақтар Нижнекамскіде «Реакторға» қарсы сырт алаңдағы матч өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ян Мельников дубль авторы атанды, ал Иван Муллеров, Владислав Мишин және Александр Яценко бір-бір шайбадан соқты. Бұған дейін Алексей Подалинскийдің ойыншылары Әлметьевскіде де сәтті ойнап, буллиттер сериясында «Спутникті» 3:2 есебімен жеңген еді. Шешуші буллитті Макар Ополинский дәл орындады, ал негізгі уақытта Александр Яценко мен Ян Мельников шайба соқты.
Астаналықтармен кездесер алдында «Чайка» Шығыс конференциясының Алтын дивизионы турнирлік кестесінде 49 матчтан кейін 61 ұпаймен 7-орында тұр.
Соңғы бес ойында команданың ең нәтижелі ойыншысы Ян Мельников. Оның еншісінде 6 ұпай (5 гол + 1 пас).
«Снежные Барсы» үй сериясын «Мамонты Югры» командасына қарсы матчпен бастап, 0:8 есебімен жеңілді. Бірінші кезеңде Расул Тұрсыновтың шайбасы есепке алынбай қалды, содан кейін алаң иелері өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Оған дейін астаналықтар Пермь қаласында өткен сырт алаңдағы серияны сәтті өткізіп, МХК «Молот» командасын екі рет жеңді. Сол кездесулерде Асанәлі Русланұлы, Тимур Миндубаев, Ильхён Тен, Руслан Түсіпбеков, Расул Тұрсынов және Жахангер Тілеухан нәтижелі ойын көрсетті. Соңғы екі ойыншы үшін бұл матчтар ерекше болды – екеуі де МХЛ-дегі алғашқы шайбаларын соқты.
Қазіргі таңда «Снежные Барсы» 47 матчта 19 ұпай жинап, Күміс дивизионы турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.
Соңғы бес кездесуде команданың ең нәтижелі ойыншысы Тимур Миндубаев. Оның еншісінде 5 ұпай (3 гол + 2 пас).
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.