Астаналық ұжым көктемгі матчтар бағдарламасын СКА командасымен сырт алаңдағы қарсыласудан бастайды.
Бұған дейін плей-оффқа шығуды мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен петерборлықтар өткен турда өз айдынында Батыс конференциясының көшбасшысы «Локомотивке» 2:5 есебімен жол берді. СКА сапынан Матвей Короткий мен Никита Дишковский шайба соқты. Артемий Плешков өз қақпасына бағытталған 27 соққыны қайтарды. Кездесуден кейін Игорь Ларионов бұл ойыннан күтілген үміт басқа болғанын айтып, жалпы алғанда жаман емес ойын көрсеткеніне қарамастан, командасының жеңіліске ұшырағанын жеткізді.
Неваның жағасындағы армейлер 60 матчтан кейін 69 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі Марат Хайруллин (16+25). Артемий Плешков Лигадағы соққыларды қайтару пайызы бойынша (93,4) үздік үш қақпашының қатарына кіреді. Лазаретте қорғаушылар Тревор Мёрфи мен Никита Зайцев, сондай-ақ шабуылшы Игорь Ларионов бар.
«Барыс» сенбі күні Мәскеуде «Спартактан» 3:5 есебімен жеңіліп, төрт матчқа созылған ұпайлы сериясын тоқтатты. Райли Уолш қонақтардың үш голдық шабуылының барлығына қатысып (2+1), чемпионатта бірінші болып 40 (14+26) ұпай шегіне жетті. Қазіргі таңда ол маусымның ең нәтижелі қорғаушы-снайперлерінің үздік үштігінде. Майкл Веккьоне де бір шайбамен көзге түсті. Тайс Томпсон ҚХЛ-дегі 50-матчын өткізді. Лигада 19 жастағы қазақстандық шабуылшы Тимур Миндубаев дебют жасады. Михаил Кравец жақсы басталғанымен, команда өз тапсырмасынан ауытқып, қарсыластарға ойынға қайта оралуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Астаналықтардың еншісінде 61 кездесуден кейін 47 ұпай бар.
СКА – «Барыс» матчы Астана уақытымен 21:30-да басталады.
Тікелей эфир KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.