Лада – Барыс матчы алдында
16 Қыркүйек 2026

Лада – Барыс матчы алдында

Маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы матчында «Барыс» «Ладамен» кездеседі.

Дүйсенбі күні тольяттиліктер өз алаңында минскілік «Динамоны» 4:2 есебімен жеңіп, осы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бір қызығы, кездесуде қонақтар өздерінің бос қақпасына шайба соғып алды. Жалпы, хаттама бойынша «Лада» сапында Райли Савчук дубль жасап, Никита Сетдиков пен Мэйсон Миллмэн бір-бір шайбадан соқты. Никита Подскребалин 24 сейв жасады. Павел Зубов кездесу тағдырын сан басымдығы жағдайындағы ойын шешкенін атап өтті.

Маусым басындағы бес матчта тольяттиліктер төрт ұпай жинады. Қазіргі таңда команданың ең нәтижелі ойыншысы – Райли Савчук (3+2).

«Барыс» чемпионатты қатарынан екі жеңіспен бастап, кейін «Амурға» 1:3 есебімен жол берді. Дегенмен астаналықтар қарсыласынан екі есе көп соққы жасап (37-18), ойында басым көрінді. Алайда алаң иелері тек бір гол соға алды – Гарретт Пилон Мэйсон Морелли мен Джастин Бэйлидің нәтижелі пастарынан кейін көзге түсті. Осылайша, үшеуі де қатарынан үшінші ойында ұпай жинау серияларын жалғастырды.

Абзал Әлібек жаңа деңгейдегі дебюттік кездесуін өткізді. КХЛ клубтарының бас бапкері ретіндегі 450-матчын атап өткен Михаил Кравец ойыншылары жеңіске жету үшін бар күшін салғанын, алайда көптеген мүмкіндіктерін голға айналдыра алмағанын айтты.

Үш матчта қазақстандық команда төрт ұпай жинады. Команданың үздік сұрмергені – Джастин Бэйли (3+4). «Барыспен» бірге сырт алаңдағы ойынға Аркадий Шестаков пен Асанали Саркенов та аттанды.

«Лада» – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК-ның серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КФ

MatchDay social.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы