Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы
27 Сәуір 2026

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

Алматыда 2025/26 жылдар маусымындағы Қазақстан әйелдер хоккей чемпионаты аяқталды.

Финалдық кездесуде соңғы жылдардағы Qyzdar Ligasy көшбасшылары «Айсұлу» мен «Томирис» командалары кездесті. Бірінші үзіліске 11 секунд қалғанда елордалық хоккейшілер есеп ашты – Екатерина Прозорова мергендер есебін толықтырды. Елдің қазіргі чемпиондары «Айсұлу» бұған Лариса Свиридова мен Елизавета Дюндинаның дәл соққыларымен жауап берді. Одан кейін «Томирис» қатарынан екі шайба соғып, алға шықты – нәтижелі шабуылдардың басында тағы да Екатерина Прозорова мен артықшылықты сәтті пайдаланған Нина Баранова болды.

Алайда соңғы минуттарда сан басымдығына ие болған оңтүстік астана ұжымы керемет камбэк жасады. Майя Нойджент тең құрамда ойнап тұрған кезде-ақ қосымша соққыдан гол соғып, негізгі уақыттың аяқталуына небәрі 9 секунд қалғанда есепті теңестірді.

Овертаймның басым бөлігі алаң иелерінің басымдығымен өтті, алайда олар бірнеше жүз пайыздық мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал «Томирис» хоккейшілері өздеріне берілген аз мүмкіндіктің бірін тиімді пайдаланып, Азалия Авзалова матчқа да, маусымға да нүкте қойды.

Осылайша, «Томирис» өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. «Айсұлу» Qyzdar Ligasy-ның күміс жүлдегері болды.

«Айсұлу» – «Томирис» 3:4 ОТ (0:1, 2:2, 1:0, 0:1)

0:1 – 19:49 – Прозорова (Баранова, Субботина)
 1:1 – 26:37 – Свиридова (Риу, Шу)
 2:1 – 30:05 – Дюндина (Иванченко)
 2:2 – 37:21 – Прозорова (Баранова, Сафина)
 2:3 – 39:31 – Баранова (Сафина) АГ
 3:3 – 59:51 – Нойджент (Дюндина, Тұрсынова)
 3:4 – 76:59 – Авзалова (Сафина)

Қақпашылар: Сафонова – Щёколова

   IMG_9434.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б