«Снежные Барсы» қараша айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясы аясында алғашқы аялдамасын Мәскеу облысының Мытищи қаласында жасайды. Мұнда астаналық ұжым «Красная Машина Атлант» командасымен кездеседі.
«Атлант» сырт алаңдағы сериясын Балашиха қаласының «Красная Машина Юниор» командасына қарсы матчтармен аяқтады. Алғашқы кездесуде қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Павел Данилкин мен Фёдор Кузьмин дубль авторлары атанды. Бұған дейін командалар Мытищи қаласында кездесіп, Александр Прокопьевтің шәкірттері қосымша уақытта 2:1 есебімен басым түскен болатын. Валерий Осадчий негізгі уақытта шайба соқса, Артём Фролов қосымша бес минутта командасына жеңіс сыйлады.
Астаналықтармен кездесер алдында «Атлант» Күміс дивизионның турнир кестесінде 19 матчтан кейін 18 ұпаймен жетінші орында тұр.
Ал «Снежные Барсы» қазан айындағы сырт алаңдағы сериясын «АКМ-Юниор» командасына қарсы екі жеңіспен аяқтады. Алғашқы кездесу буллиттер сериясында астаналықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Тимур Миндубаев негізгі уақытта көзге түссе, шешуші буллитті Илья Громов дәл орындады. Екінші матчта «қар барыстары» қарсыласын 5:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Леонид Ждановский, Егор Кравченко, Таир Бигаринов және Артём Коротков шайба авторлары атанды. Коротков үшін бұл МХЛ-дегі алғашқы гол болды.
Қазіргі уақытта «Снежные Барсы» Күміс дивизионда 20 матчтан кейін 17 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Тікелей эфирді МХЛ-дің YouTube арнасынан көруге болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.