Нефтехимик - Барыс матчы алдында
29 Қараша 2026

Нефтехимик - Барыс матчы алдында

«Барыс» сырт алаңдағы ойындар сериясының екінші кездесуін Нижнекамскіде «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

«Нефтехимик» өткен турда сырт алаңда «Сочиді» овертаймда жеңді. Кездесу барысында нижнекамдықтар үшінші кезеңде екі шайба айырмашылығын жойып, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапында Александр Петунин, Севастьян Соколов, Максим Федотов, Иван Николишин және Тимур Кол мергендік танытты. Қақпашылар Матвей Ботов пен Ярослав Озолин қақпаға бағытталған 22 соққыны бірге қайтарды. Игорь Гришин ойыншыларының қарсыласқа оңай гол соғуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Дегенмен команда үшінші кезеңді жақсы өткізіп, жеңісті жұлып алды.

Нижнекамдықтардың еншісінде 32 матчтан кейін 37 ұпай бар. Андрей Белозёров (10+17) тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергендерінің бірі саналады. Жарақат алған ойыншылар тізімінде Сергей Артемьев пен Семён Любалин бар.

«Барыс» жұма күні тағы бір нәтижелі ойын өткізіп, Санкт-Петербургте СКА командасын 7:4 есебімен жеңді. Бұл астаналық клубтың тарихындағы СКА-ға қарсы сырт алаңдағы екінші жеңісі болды. Кездесудің басты қаһармандарының бірі ҚХЛ-дағы алғашқы матчын өткізген Владислав Нурек атанды. Ол дебюттік ойынында 31 соққыны қайтарды.

Асанали Саркенов дубль авторы атанса, Тайс Томпсон, Джейк Масси, маусымдағы ұпай санын 10-ға (6+4) жеткізген Әлихан Өмірбеков, осы чемпионаттағы алғашқы голын соққан Самат Данияр және Всеволод Логвин бір-бір шайбадан соқты. Лиганың үздік сұрмергені әрі бомбардирі Джастин Бэйли (19+12) қатарынан үшінші кездесуде нәтижелі әрекетімен көзге түсті.

Михаил Кравец ойын алдында команда үшін жағдайдың оңай болмағанын, алайда астаналықтардың бар күшін салып, 200 пайызға жұмыс істеп, оң нәтижеге қол жеткізгенін айтты.

Қазақстандық ұжым 31 матчтан кейін 33 ұпай жинады. «Нефтехимик» пен «Барыстың» осы маусымдағы өзара кездесулерінде әзірге тең есеп тіркелген. Екі команда да сырт алаңда бір-бір жеңістен еншілеген.


«Нефтехимик» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы KHL Prime және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі.


«Барыс» ХК-нің бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК-нің серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

IMG_7723.PNG
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
9 фото
Tomiris

Томирис - Грация

new-preview
Tomiris

Томирис Грацияны жеңді