«Барыс» қысқа мерзімді сырт алаңдағы сапарын мәскеулік «Динамомен» кездесумен аяқтайды. Мәскеу клубы кеше ғана Вячеслав Козловты бас бапкер ретінде ресми түрде бекітті.
«М.а» мәртебесімен оның жетекшілігімен «ақ-көктер» қатарынан жеті жеңіске жетті, соның төртеуінде қақпасына бірде-бір шайба жіберген жоқ. Сейсенбі күні «Динамо» мәскеулік дербиде «Спартактан» басым түсті (1:0). Жеңіс шайбасын Лиганың үздік бомбардирлерінің бірі Джордан Уил салды (10+24), ал қатарға қайта қосылған Владислав Подъяпольский қақпаға бағытталған 26 соққының барлығын қайтарды. Вячеслав Козловтың айтуынша, тең ойын жағдайында оның командасының бірінші құрамы шешуші рөл атқарған.
35 матчтан кейін «Динамо» 48 ұпай жинап, Батыс конференциясында көшбасшылық үшін күрес жүргізіп келеді. Дилан Сикьюра (16 гол) – ағымдағы чемпионаттың мергендері арасында топ-5 қатарында. Даниил Пыленков (4+26) ҚХЛ қорғаушылары арасындағы бомбардирлер жарысында екінші орында. Владислав Подъяпольский 1,99 сенімділік коэффициентімен және 92,8% қайтарылған соққылар көрсеткішімен қақпашылар арасында көшбасшылардың бірі. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Кирилл Готовец бар.
«Барыс» өткен турда сырт алаңда «Автомобилистті» сенімді жеңді (4:1). Семён Симонов дубль авторы атанса, Майкл Веккьоне (маусымдағы 10-шы голы) мен Макс Уиллман бір-бір шайбадан салды. Симоновқа екі нәтижелі пас берген Самат Данияр мансабында алғаш рет тұрақты чемпионатта 10 (1+9) ұпай шегіне жетті. Андрей Шутов 33 сейв жасады. Михаил Кравец командасының матчқа жақсы дайындалып, қойылған міндетті орындағанын атап өтті.
Екатеринбургтегі жеңістен кейін астаналықтар Шығыс конференциясының үздік сегіздігіне қайта оралды. 36 матчтан соң команданың еншісінде 32 ұпай бар. Команданың ең нәтижелі ойыншысы – қорғаушы Райли Уолш (9+26).
«Динамо» Мәскеу - «Барыс» матчы Астана уақытымен 21:30-да басталады.
Тікелей трансляция KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.