«Барыс» жаңа жылдық үйдегі ойын сериясын «Тракторға» қарсы матчпен жалғастырады.
Челябинсктік клуб қазір белгілі бір қайта құрылу кезеңінен өтуде. Өткен аптада «Трактор» қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Евгений Корешковтың команданың бас бапкері болып тағайындалғанын хабарлады. Бұдан кейін уралдық ұжым қорғаушы Фёдор Крощинскиймен қош айтысып, көшбасшылардың бірі Семён Дер-Аргучинцевті «Динамоға» алмастырды. Ал Мәскеуден шабуылшы Максим Джиошвили келді.
Өткен турда «Трактор» өз алаңында нәтижелі кездесуде «Металлургтен» 4:7 есебімен жеңілді. Сол ойында шайбалардың бірін дәл осы Дер-Аргучинцев соқты, алайда ол қазірдің өзінде «динамовшылардың» намысын қорғауда. Сонымен қатар Андрей Никонов, Михаил Григоренко және Виталий Кравцов та бір-бір шайбадан еншіледі. Евгений Корешков бапкерлер штабы мүлде басқа нәтиже күткенін айтып, командаға бірқатар нюанстар мен ұсақ-түйек детальдарды жақсарту қажет екенін мойындады.
37 матчтан кейін команда 35 ұпай жинады. Қазіргі таңда бұл Шығыс конференциясындағы алтыншы нәтиже. Джошуа Ливо (15+24) – биылғы тұрақты біріншіліктің ең нәтижелі ойыншыларының топ-4 қатарында.
«Барыс» сырт алаңдағы екі жарқын жеңістен кейін жексенбі күні Астанада күтпеген жерден «Сочиден» 1:5 есебімен жеңіліп, ұпай жинаған төрт матчтық сериясын тоқтатты. Семён Симонов үшінші ойын қатарынан гол авторы атанды. Райли Уолш (9+17) команда бомбардирлері арасындағы ішкі бәсекеде қайтадан алға шықты. Михаил Кравец шәкірттері кезекті рет өздеріне өздері қиындық жасап, бірінші кезеңде жіберілген үш шайбадан кейін ойынға қайта орала алмағанын атап өтті.
38 матчтан кейін 34 ұпайы бар астаналықтар Шығыс конференциясының плей-офф аймағындағы сегізінші орынды түйіндеп тұр. Жарақат алғандар қатарында қақпашы Адам Шил бар. Ал «Динамомен» өткен кездесуде жарақат алған Эмиль Галимовтың кешкі ойынға қатысуы тағы да күмән тудырады.
«Барыс» – «Трактор» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.