«Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын «Торпедоға» қарсы кездесумен бастайды.
Маусымды қарқынды бастаған «Торпедо» кейін төрт ойын қатарынан жеңілді. Өткен турда Магнитогорскіде «Металлургке» 1:4 есебімен жол берді. Қонақтардың жалғыз шайбасын Егор Соколов соқты. Қақпашы Денис Костин 28 сейв жасады. Алексей Исаковтың айтуынша, команда өз ойынын көрсетуге тырысқанымен, қарсыласқа жол берді.
15 матчтың қорытындысы бойынша «Торпедоның» еншісінде 17 ұпай бар. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Сергей Гончарук (8+5). Ал Роберт Нарделла (1+11) – чемпионаттағы үздік қорғаушы-бомбардирші мен ассистенттердің бірі.
«Барыс» бейсенбіде Челябинскіде өткен ойында «Трактордан» овертаймда 2:3 есебімен ұтылды. Команда сапынан Максим Мұхаметов (маусымдағы алғашқы голы) және Семён Симонов көзге түсті. Иван Николишин жарақатынан айыққан соң алғашқы нәтижелі пасын тіркеді. Қақпашы Андрей Шутов 36 соққыны қайтарды. Сонымен қатар, Дмитрий Бреус (ҚХЛ-дегі 50-ойыны) және Дінмұхамед Қайыржан (150-ойыны) өздерінің мерейтойлық кездесулерін өткізді. Бас бапкер Михаил Кравец матчтан кейін «Барыс» қарсыласынан осал болмағанын, кей сәттерде тіпті басым ойнағанын атап өтті.
Қазіргі уақытта қазақстандық команданың қоржынында 14 кездесуден кейін 13 ұпай бар. «Барыстың» үздік бомбардирі - Майкл Веккьоне (5+6). Тайс Томпсон жарақат алғандар тізімінен шығарылды, оның «Торпедоға» қарсы ойында мұзға шығу ықтималдығы жоғары. Сондай-ақ кешкі матчта сынақ мерзіміне келісімшартқа қол қойған Кирилл Панюков ойнауы мүмкін. Ал Никита Бояркин мен Алихан Әсетов әлі де жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» – «Торпедо» матчы Астана уақытымен 16:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан немесе hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Ойынның тікелей эфирі KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.