«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады
21 Шілде 2026

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады

2026 жыл 14-23 тамыз аралығында Өскемен мен Қарағанды қалаларында маусымалды Қазақстан кубогы турнирі өтеді.

Жүлде үшін он команда екі топқа бөлініп бақ сынайды. «Номад» А тобында алаң иесі  «Торпедо», сондай-ақ «Арлан», «Ақтөбе» және «Алматы» командаларымен бірге өнер көрсетеді.

Топтық кезең ойындары 14-19 тамыз аралығында Өскеменде өтеді. Одан кейін командалар 22 тамызда Қарағандыда басталатын плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырады. Турнирдің финалдық кездесуі 23 тамызда өтеді.

«Номадтың» ойын кестесі:

14 тамыз, 15:00  «Номад» - «Ақтөбе»

16 тамыз, 13:00 «Номад» - «Арлан»

18 тамыз, 15:00 «Алматы» - «Номад»

19 тамыз, 19:00 «Торпедо» - «Номад»

22 тамыз, 13:00 жартылай финал; *плей-офф кезеңін қабылдайтын команданың қатысуымен өтетін матч 17:00-де басталады.

23 тамыз, 17:00 - Финал.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
21 фото
Barys

Барыстың ашық жаттығуы

new-preview
Barys

2026/2027 маусымына арналған абонементтер сатылымда!

new-preview
Barys

Барыс Бояркин мен Гайтамировпен келісімшартын бұзды