2025 жылдағы соңғы үй матчында «Барыс» «Амурды» қабылдайды.
Хабаровск ұжымы өткен турда Уфада «Салават Юлаевтан» (2:4) жеңілді. Гол авторлары Ярослав Дыбленко мен Кирилл Петьков. Максим Дорожко қақпаға бағытталған 22 соққыны тойтарды. Бас бапкер Александр Андриевскийдің айтуынша, командаға үшінші кезеңде сәл ғана жетіспеді, ал жіберілген бір қателіктен кейін есепті теңестіруге ұмтылып, соны қарсылас тиімді пайдаланды.
39 матчта «жолбарыстар» 36 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Игнат Коротких (9+11) пен Олег Ли (8+12) – «Амурдың» осы маусымдағы ең нәтижелі ойыншылары. Максим Дорожко сейв пайызы бойынша (92,8%) қақпашылардың топ-6 қатарына кіреді. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Роман Абросимов бар.
«Барыс» бейсенбі күні өз алаңында «Автомобилистке» (1:4) жол берді. Астаналықтардың жалғыз шайбасын Джейк Масси соқты. Дінмұхамед Қайыржан осы маусымдағы 10-шы нәтижелі пасына қол жеткізді. Никита Бояркиннің еншісінде 17 сейв бар. Михаил Кравецтің айтуынша, команда жаман ойнаған жоқ және мұндай есеппен жеңілуге лайық болмады. 40 кездесуден кейін 34 ұпай жинаған қазақстандықтар плей-офф аймағынан шығып қалды, алайда сегізінші орыннан бар болғаны бір ұпайға қалып тұр.
«Барыс» – «Амур» матчы Астана уақытымен 16:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Матчтың тікелей көрсетілімі KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.