Адмирал - Барыс матчы алдында
06 Қараша 2026

Адмирал - Барыс матчы алдында

Астаналық клуб ұзаққа созылған сырт алаңдағы ойындар сериясы аясындағы сегізінші кездесуін тағы да Владивостокта өткізеді. «Адмирал» мен «Барыстың» алғашқы кездесуінен бері екі аптадан астам уақыт өтті. Сол жолы алаң иелері қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Олег Браташ ойыншылары өткен турда өз мұз айдынында СКА командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Голдардың бірін қазақстандық қақпашы Никита Бояркиннің еншісіне жазуға болады. Санкт-Петербург клубы қақпашыны ойыннан шығарып, алтыншы ойыншымен шабуылға шыққан сәтте, қарсыластың сәтсіз шабуылынан кейін шайбаға соңғы болып Бояркин тиіп үлгерді. Сонымен қатар ол 39 соққыға тосқауыл қойды. Сондай-ақ Егор Чезганов, Иван Янченко және Даниэль Усманов мергендер қатарына қосылды. Қиыр Шығыс командасының бас бапкері ойынның барлық құрамдас бөлігі үйлесімді болғанын және хоккейшілердің әрқайсысы өз міндетін жақсы атқарғанын атап өтті.

«Адмирал» 22 матчтан кейін 23 ұпай жинаған. Иван Муранов (7+5) пен Егор Чезганов (5+7) - Владивосток командасының ең нәтижелі ойыншылары. Жарақат алғандар қатарында Марио Грман, Кирилл Жуков, Фёдор Крощинский және Кайл Олсон бар.

Ал «Барыс» сәрсенбі күні Челябіде «Тракторға» 1:2 есебімен жол берді. Қазақстандық команда сапынан Мэйсон Морелли мергендік танытты. Әлихан Өмірбеков ҚХЛ аясындағы 200-ші ойынын өткізді. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарды. Михаил Кравец ойыншыларының қазіргі таңда күш-қуаты мен эмоциялық жағдайы оңай емес екенін айтты. Соған қарамастан, ойынның соңғы бөлігінде команда есепті теңестіруге мүмкіндік алған.

Қазақстандық клубтың еншісінде 22 матчтан кейін 25 ұпай бар. Джастин Бэйли (12+11) чемпионаттың үздік сұрмергені болып қала береді. Ал Иэн Маккошен ҚХЛ-дағы 150-ші ойынын өткізуге жақын.


«Адмирал» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады.

Тікелей эфир Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ

Match day Away.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Владивостокта тағы да жеңілді

new-preview
12 фото
Barys

Адмирал - Барыс

new-preview
Barys
Nomad

Мигунов пен Никитиннің шайбалары Қазақстан құрамасына Жапонияны жеңуге көмектесті