«Барыс» тұрақты чемпионаттың алғашқы үштен бір бөлігін «Адмиралға» қарсы сырт алаңдағы кездесумен аяқтады. Бұл матчта елордалық команданың құрамына Әділ Бекетаев пен 13-ші шабуылшы ретінде тіркелген Кирилл Ляпунов оралды.
Қонақтар кездесудің алғашқы кезеңін жақсы бастап, тоғызыншы минут аяқталғанша қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Алдымен Әлихан Әсетов шабуыл аймағындағы көк сызық маңында шайба үшін тамаша күрес жүргізді. Соның арқасында бір секундтан кейін Асанәлі Сәркенов қарсылас қорғанысының арасынан өтіп, ҚХЛ-дегі екінші шайбасын соқты. Арада біраз уақыт өткенде Джейк Масси берген тамаша пастан кейін Логан Дэй мергендік танытты. Алайда үзіліске дейін «теңізшілер» есеп айырмасын қысқартты. Либор Шулактың соққысынан кейін Данила Моисеев шайбаға таяғын тосып, гол соқты.
Екінші кезең алаң иелерінің басымдығымен өтті. Олар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Даниэль Усманов, Константин Лучевников және Борна Рендуличтің басымдық жағдайында соққан шайбалары «Адмиралға» екінші үзіліске көшбасшы ретінде шығуға мүмкіндік берді. Осы голдардың арасында Әлихан Өмірбеков те нәтижелі соққысымен көзге түсті.
Қорытынды кезеңнің ортасында Джастин Бэйли сан басымдығын сәтті пайдаланып, қазақстандық команданы қайтадан ойынға қосты. Алайда матчтың аяқталуына 123 секунд қалғанда Григорий Ващенко бесінші шайбаны соғып, «Адмиралға» жеңіс сыйлады.
8 қарашада Михаил Кравец ойыншылары Хабаровскіде «Амурмен» кездеседі.
«Адмирал» - «Барыс» 5:4 (1:2, 3:1, 1:1)
0:1 - 05:59 - Сәркенов (Асетов, Масси)
0:2 - 08:31 - Дэй (Масси)
1:2 - 11:05 - Моисеев (Шу лак, Рендулич)
2:2 - 21:07 - Усманов (Муранов, Ващенко)
2:3 - 21:20 - Өмірбеков (Шестаков, Бритиков)
3:3 - 33:01 - Лучевников (Пименов, Цицюра)
4:3 - 39:13 - Рендулич (Завгородний, Пименов) АГ
4:4 - 51:10 - Бэйли (Приски, Томпсон) АГ
5:4 - 57:57 - Ващенко (Булавчук, Шулак)
Қақпашылар: Бояркин - Шутов
«Фетисов Трактор». 5 117 көрермен
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының корпоративтік қоры

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.