Оливье Родриг «Барыс» құрамына қосылды
14 Тамыз 2025

Оливье Родриг «Барыс» құрамына қосылды

«Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.

25 жастағы Родриг «Эдмонтон Ойлерз» жүйесінен келді. Бұл клуб оны 2018 жылғы драфтта таңдаған. Өткен маусымда Оливье ҰХЛ-де алғаш рет мұз айдынына шығып, сондай-ақ АХЛ-дағы «Бейкерсфилд Кондорс» сапында 41 ойын өткізді. Ол бір ойында орта есеппен 3,12 шайба жіберіп, қақпаға бағытталған соққылардың 89,7%-ын қайтарды.


Оливье Родриг туралы мәлімет:

Туған күні: 2000 жыл 6 шілде

Алаңдағы орны: қақпашы

Бойы: 185 см

Салмағы: 79 кг

Тор қолғап: сол жақ


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

rodrigue.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Қыркүйек айындағы матчтарға билеттер сатылымға шықты

new-preview
Barys

Барыстың қыркүйектегі өз алаңындағы матчтарының басталу уақыты өзгертілді

new-preview
Barys

Барыс Мәди Диханбекпен сынақ келісімшартын жасасты