Номад жеңісті сериясын жалғастырды
23 Қыркүйек 2026

Номад жеңісті сериясын жалғастырды

Бүгін елордалық команда Атырауда өтіп жатқан сырт алаңдағы ойындар сериясы аясында «Бейбарыспен» кездесті. Константин Пушкарев ойыншылары 3:1 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан жеңіп келе жатқан ойындар санын арттырды. Команда сапынан Даниил Цыбин, Семён Симонов және Константин Двуреченский шайба соқты.

Екі команда ертең сағат 19:00-де қайта кездеседі.

Қазіргі таңда «Номад» 9 ойыннан кейін 17 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр.


«Бейбарыс» - «Номад» 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)

0:1 - 12:29 Цыбин

0:2 - 16:51 Симонов (Гафуров)

1:2 - 20:21 Гасников (Гусев, Асуханов)

1:3 - 22:58 Двуреченский (Бейсембаев)

Қақпашылар: Шефер - Шестаков

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Амурды жеңе алмады

new-preview
6 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
Barys

Амур - Барыс матчы алдында