«Сарыарқамен» өткен екінші кездесу алаң иелерінің пайдасына аяқталды. «Номад» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жеңісті сериясын тоғыз ойынға дейін ұзартты.
Алғашқы кезеңде «көшпенділер» есеп ашқан команда болды. Олег Бойконың пасынан кейін Абзал Әлібек шайбаны өткір бұрыштан Данил Кадочниковтың қақпасына бағыттап, есеп ашты.
Екінші жиырма минуттық кезеңді «көшпенділер» сәтті бастады. Ұзаққа созылған шабуылдан кейін Батырлан Мұратовтың берген пасын Александр Макаров сәтті пайдаланып, шайбаны қонақтардың қақпасына сұғып жіберді. «Сарыарқа» екінші кезеңнің соңына қарай ғана жауап голын соқты. Артём Королёвтың алаңнан қуылғанын пайдаланған Данила Карабань басымдықты сәтті жүзеге асырды.
Алайда осыдан кейін қарағандылықтар ойынға қайта орала алмады. Қорытынды кезеңде Темірлан Китаров Кадочниковтың қақпасы маңындағы қарсылыққа қарамастан, «Номадтың» үшінші шайбасын соқты. Кездесудің соңғы нүктесін Артём Королёв қойды. Ол көк сызықтан дәл соққы жасап, қонақтар қақпасын дәл көздеді.
«Номад» - «Сарыарқа» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)
1:0 - 11:38 Әлібек (Бойко, Мұратов)
2:0 - 26:32 Макаров (Әлібек, Мұратов)
2:1 - 37:14 Карабань (Лихотников, Преснов) АГ
3:1 - 50:56 Китаров (Маңғысбаев, Мигунов)
4:1 - 52:58 Королёв (Китаров, Шульга)
Қақпашылар: Нурек - Кадочников.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.