Нельсон Ножье мансабын Барыста жалғастырады
13 Қыркүйек 2022

Нельсон Ножье мансабын Барыста жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы Нельсон Ножьемен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Канадалық қорғаушымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Ножье мансабын туған қаласы Саскатуннан бастаған еді. 2014 жылы «Виннипег» командасына шақырылып, кейін ҰХЛ-да дебют жасады (барлығы – 11 ойын өткізіп үлгерді). Алты жыл бойы Нельсон «Виннипег» командасының «Манитоба Мус» фарм-командасының қорғаныс шебі көшбасшыларының бірі болды. Өткен маусымды қорғаушы «Онтарио Рейн» сапында аяқтады (13 ойында 1+3). Жалпы, АХЛ-дағы 255 ойында Ножье 45 (9+36) ұпай жинады.

 

Нельсон Ножье

Туған күні: 27.05.1996.

Бойы: 191 см.

Салмағы: 94 кг.

Сырғытпатаяқты ұстау: оң жақ.

 

 

Фото - illegalcurve.com

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы