Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені «Барыс» сапын толықтырды
25 Желтоқсан 2022

Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені «Барыс» сапын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы Александр Борисевичпен келісімшарт жасалғанын ресми мәлімдейді. Қазақстандық шабуылшымен жасалған екіжақты келісімшарт осы маусымның соңына дейін шақталған.

Шабуылшы бүкіл кәсіби мансабын қарағандылық «Сарыарқа» клубы жүйесінде өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Александр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (ІА) қола жүлдесін иеленді, сондай-ақ жастар арасындағы әлем біріншілігінің (ІА) чемпионы атанды.

Борисевич биылғы ел біріншілігінде 31 кездесу өткізіп, 47 (17+30) ұпай жинап, Pro Ligasy үздік сұрмергендерінің көшін бастап тұр. Өткен аптада спортшы Қазақстан құрама командасымен бірге Мәскеуде өткен Бірінші арна кубогында өнер көрсетті.

Александр Борисевич

Туған жылы: 22.07.1998

Амплуа: шабуылшы

Ойын таяғын ұстауы: оңқай

Бойы: 168 см.

Салмағы: 61 келі

 

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Бояркин мен Гайтамировпен келісімшартын бұзды

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы алғашқы өз алаңындағы ойыны

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы