Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды
29 Мамыр 2026

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

Барыс клубы қазақстандық хоккейшілер Артём Королёв, Кирилл Никитин және Кирилл Ляпуновпен (үшеуімен де 2027 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға), сондай-ақ Бейбарыс Оразовпен (2028 жылдың 31 мамырына дейін екі маусымға) келісімшартты  ұзартқанын хабарлайды. Келісімшарттар екіжақты сипатқа ие (ҚХЛ – Pro Ligasy).

Өткен маусымның басым бөлігін Номад сапында өткізген «Барыс» БЖСМ түлектері Қазақстан чемпионы атанды. ҚХЛ аясында Никитин 9 матчқа қатысты, Королёв 11 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Оразов 19 кездесуде бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ал Ляпунов 21 матчта мұз айдынға шығып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас жасады.

Мамыр айында Никитин, Оразов және Ляпунов бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

Леонид Метальников, Барыс клубының бас менеджері:

- Өз түлектерімізбен келісімшартты ұзарту - клуб құрамының тереңдігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Жігіттер «Номадпен» бірге тамаша маусым өткізіп, ел чемпионы атанды. Сонымен қатар олар ҚХЛ-де ойын тәжірибесін жинақтап, Қазақстанның ересектер құрамасында дебют жасады. Қазір олар біздің ең жақын резервіміз, әрі біз олардың алдағы уақытта да дами түсетініне сенеміз.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры

31.jpg

nikitin.jpg

DSC_4978_2.jpg

lyapa.jpg


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Майкл Веккьоне