ҚХЛ. Шутов Барыста екі жылға қалады
20 Шілде 2022

ҚХЛ. Шутов Барыста екі жылға қалады

«Барыс» хоккей клубы Андрей Шутовпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қақпашымен екі жақты келісім екі маусымға жасалған (2024 жылғы 30 сәуірге дейін).

Шутов өткен маусымда ҚХЛ-да алғашқы ойынын өткізіп, «Металлургке» қарсы қонақта өткен ойында жеңіске жетті (СК - 2,89, қақпаға бағытталған соққының 92,5%-ын қайтарды). Сондай-ақ қақпашы Қазақстан чемпионатында «Номад» үшін 8 матч өткізіп, өз командасына олардың әрқайсысында жеңіске жетуге көмектесті (СК – 1,43, 94,4%).

Мамыр айында Андрей элиталық дивизионда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы болды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Шутов барлық қақпашылар арасында қайтарылған соққылар саны бойынша көшбасшы атанды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс ұпайсыз ойын сериясын тоқтатты

new-preview
Barys

Автомобилист – Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет Салават Юлаевқа есе жіберді