ҚХЛ. Северсталь – Барыс матчының алдында
24 Қыркүйек 2022

ҚХЛ. Северсталь – Барыс матчының алдында

24 қыркүйек күні «Барыс» қонақта өтетін ойындардың маусымдағы екінші сериясын ашады. Череповец қаласында біздің команда Северсталь командасымен ойнайтын болады.

Разиннің командасы чемпионатты жақсы бастап, бірқатар маңызды жеңістерге қол жеткізді. Алайда, «Северсталь» командасының соңғы үш ойында жолдары болмай, олар Батыс конференциясының плей-офф аймағынан түсіп қалды. Жұма күні олар мәскеулік «Динамоға» 1:3 есебімен жол берді. Қонақтар қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Адам Лишка болды. Қақпашы Владислав Подъяпольский өз қақпасына бағытталған 24 соққыға тосқауыл болды. Матчтан кейін «Северсталь» командасының бапкері қарсыластары функционалды тұрғыда олардан мықты түскенін, бірақ үшінші кезеңнің соңында ойын барысы өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Тоғыз матчтың қорытындысы бойынша Череповец қаласының ұжымында тоғыз ұпай бар. Кирилл Пилипенко команданың үздік бомбардирі болып табылады, ол сондай-ақ ағымдағы маусымда сегіз нәтижелі пас жасады.

«Барыс» маусымдағы алғашқы үй сериясын лайықты өткізіп, бес матчтың төртеуінде жеңіс тойын тойлады. Өткен турда қазақстандықтар ҚХЛ-дың ең нәтижелі командасы «Автомобилистпен» 2:0 есебімен аяқталған «құрғақ» ойын өткізді. Өз қақпасына бағытталған барлық 36 соққыға тосқауыл болған қақпашы Юлиус Гудачек ойынның бас қаһарманы атанды. Астаналықтардың құрамында Энтони Луис пен Аркадий Шестаков (маусымдағы алғашқы гол) гол соқты. Екі нәтижелі шабуылға Джесси Грэм қатысты, ол қатарынан төрт ойында ұпай жинауда. Алаң иелерінің бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка өз шәкірттерінің қорғаныстағы ойынын тағы да атап өтіп, Гудачектің соңғы шептегі әрекеттері айдындағы хоккейшілерге сенімділік қосқанын айтты.

Бүгінгі таңда астаналықтардың қоржынында тоғыз үпай бар, бұл Шығыс конференциясының үздік командаларының сегіздігінде болуға мүмкіндік берді. Линден Вей өзінің төрт матчтық нәтижелі сериясын үзіп алды, бірақ әзірше «Барыстың» үздік сұрмергені болып қала беруде (8 ұпай, 5+3). Әлихан Әсетов денсаулық жағдайына байланысты сырт айдында өтетін серияға қатыспайды. 

Өткен маусымда «Северсталь» мен «Барыс» екі рет кездесті. Қазан айында Қазақстан астанасында қонақтар 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қараша айында «Барыс» сырт айдында 4:3 есебімен қарымтасын қайтарды.

 

«Мұз сарайы» алаңындағы матч елорда уақытымен 20:30-да басталады.

Тікелей көрсетілімQazsport және KHL арналарында өтеді.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Асанәлі Русланұлы: «Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі»

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные барсы командасынын ойыңдардың қорытындысы

video-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Хоккейлік отбасы Наурыз мейрамын атап өтуде.