Белосохов турнирі. Снежные Барсы Кузнецкие Медведилерді жеңді
30 Тамыз 2026

Белосохов турнирі. Снежные Барсы Кузнецкие Медведилерді жеңді

Астаналық команда үшін Новосібірде өтіп жатқан Александр Белосохов атындағы турнир бүгін аяқталды. Қорытынды матчта «Снежные Барсы» «Кузнецкие Медведилерді» 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі жалғыз жеңісіне қол жеткізді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде Дархан Хафаров есеп ашты. Алайда Даниил Кожемяко «барыстардың» ойыншысы алаңнан қуылған сәтті тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Кейін Жахангир Тілеухан мен Егор Кравченко астаналықтардың басымдығын арттырды. Бұған «аюлар» Михаил Гуровтың голымен жауап бергенімен, алаң иелері есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде жеңіс «Снежные Барсы» командасының еншісінде қалды.

«Снежные Барсы» – «Кузнецкие Медведи» 3:2 (1:0, 1:1, 1:1)

1:0 – 09:09 Хафаров (Кравченко) АГ

1:1 – 27:27 Кожемяко (Лапин, Романский) АГ

2:1 – 30:20 Тілеухан (Бигаринов)

3:1 – 40:51 Кравченко (Тілеухан, Хафаров)

3:2 – 52:50 Гуров (Абрамов, Каграманов)

Қақпашылар: Емельянов – Горбачев

IMG_1602.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы