ҚХЛ. Барыс – ЦСКА матчының алдында
21 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – ЦСКА матчының алдында

«Барыс» Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі – ЦСКА-мен үйдегі үш матчтық сериясын ашты.

Өткен турда ЦСКА «Автомобилистпен» кездесті. 27-минутта ойыншылар 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, содан кейін мәскеулік ұжым есепті теңестіріп қана қоймай, овертаймда жеңіске жетті. Қақпаға шайбаларды енгізген Сергей Плотников (Лиганың екінші шабуылшысы, 11 ұпай, 6+5), Константин Окулов пен Михаил Григоренко болды. Қақпашы Иван Федотов 21 соққыға тойтарыс берді. ЦСКА жетекшісі Сергей Фёдоров баспасөз конференциясында кездесудің сәтсіз басталғанын атап өтті, бірақ шәкірттерінің әрекетін жоғары бағалады.

20 қыркүйектегі жағдай бойынша ЦСКА лазаретінде қорғаушы Богдан Киселевич, сондай-ақ шабуылшылар Павел Карнаухов және Андрей Светлаков болды.

«Барыс» сенбі күні Хельсинкидегі еуропалық турнесін аяқтады. Нұр-Сұлтандық команда айыпсоққылар бойынша «Йокериттен» жеңіліп қалды - 2:3. Никита Михайлис (команданың үздік шабуылшысы, 8 ұпай, 2+6) және маусымда бірінші шайбасын енгізген Мэттью Фрэттин мергендіктерін тағы дәлелдеді. Кристиан Томас «Барыстың» сапында алғашқы ұпайға ие болды. Йони Ортио 22 соққыға тойтарыс берді. Зақымдануына байланысты төрт матчты жіберіп алған Роман Старченко негізгі құрамға оралды. «Барыстардың» бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис шәкірттерінің іс-әрекеттеріндегі бірқатар қателіктер туралы айтып, овертаймдағы ойынның нәтижесін шеше алатын еді деп атап өтті.

ЦСКА мен «Барыс» өткен аптада Мәскеуде кездескен болатын. Сол кезде осы уақытта маусымның ең нәтижелі ойынын өткізген «Барыс» жеңіске жетті (6:3).

 

«Барыс-Аренада» өтетін матч астана уақытымен 19:30-да басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 18:50-де басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport, KHL және KHL Prime арналарында болады.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады.

Fonbet -  ресми букмекерлік компаниясы «Барыс» ХК алдағы матчына келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 3,90 | Х – 4,25 | П2 - 1,78.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2