«Барыс» қыркүйек айындағы өз алаңындағы алғашқы ойын сериясын «Амурға» қарсы кездесумен аяқтайды.
Еске сала кетейік, матч «Super Star 48» мерекелік сериясы аясында өтеді және Қазақстан хоккейінің аңызы Роман Старченконы ұлықтауға арналады.
Хабаровскілік команда елордаға «Сібірден» (0:2) жеңілгеннен кейін жетті. Бұл қарсыластықтың тағдырын, негізінен, үшінші кезеңнің ортасында Максим Дорожко қақпасына соғылған бір шайба шешті. Жалпы, «жолбарыстардың» қақпашысы 23 соққыны тойтарды. Александр Андриевский маусым басында оның командасына шабуылдағы ойынның жеткіліксіздігі, атап айтқанда, қақпаға жасалатын соққылар санының аздығы кедергі келтіріп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта команданың мүмкіндігі бар.
«Амур» үш матчта 1 ұпай жинады. Команданың үздік сұрмергендері – матчқа бір күн қалғанда жарақат алғандар тізімінде болған Егор Рыков пен Кирилл Пилипенко (екеуінің де көрсеткіші – 1+1). Рыковтан бөлек, жарақат алғандар қатарында Данила Галенюк, Семён Демидов және Иван Чехович бар.
«Барыс» «Сібірді» ірі есеппен жеңгеннен кейін «Салаватпен» де тартысты әрі нәтижелі кездесу өткізді. Матч астаналықтардың 8:6 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Тайс Томпсон дубль жасаса, Чейз Приски, Мэйсон Морелли, Джастин Бэйли, Логан Дэй («Барыс» сапындағы алғашқы голы), Ансар Шайхмедденов және Кирилл Ляпунов бір-бір шайбадан соқты. Хантер Шепард қақпаға бағытталған 34 соққыны қайтарды. Михаил Кравец командасының 200 пайыз күш жұмсап, қорғаныстағы қателіктерді болдырмау үшін үнемі жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қиыр Шығыс командасына қарсы ойынға «Барыс» осы сәттегі ең көп ұпай көрсеткішімен – екі матчтан кейінгі 4 ұпаймен келеді. Джастин Бэйли (3+3) – чемпионатты сәтті бастаған ең нәтижелі ойыншылардың бірі. Жарақат алғандар қатарында Аркадий Шестаков пен Асанәлі Саркенов қалып отыр.
«Барыс» – «Амур» матчы Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Жанкүйерлерді аренаға кіргізу 15:00-де басталады.
Роман Старченкомен автограф-сессия 15:00-де басталады (үшінші қабаттағы фойе, А11 секторы маңы).
Алдағы матчтың барлық билеттері сатылып кетті.
Тікелей трансляциялар KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.