КХЛ. Адмирал – Барыс матчының алдында
28 Қазан 2021

КХЛ. Адмирал – Барыс матчының алдында


«Барыс» Владивостоктағы ойындар сериясын жалғастыруда. Бүгін Юрий Михайлистің командасы «Адмиралмен» ойнайды.

«Адмирал» сейсенбі күні есеп бойынша ең аз айырмашылықпен Минсктің «Динамосынан» 2:3 есебімен ұтылып қалды. Артём Манукян және Динар Хамидуллин өздерінің мергендіктерін тағы дәлелдеді. Қақпашы Никита Серебряков 25 соққыға тойтарыс берді. Владивостоктан келген команданың бас жаттықтырушысы Александр Андриевский командаға жылдамдықты жоғалтпау міндетін қойғанын атап өтті, алайда, оның шәкірттері оған төтеп бере алмады.

22 матчта «Адмирал» 15 ұпай жинап, Шығыста 11-ші орынға ие болды. Ұжымның ең нәтижелі ойыншысы қорғаушы Либор Шулак болып табылады, оның есебінде 12 (4+8) ұпай бар. Жарақат алғандар тізімінде қақпашы Иван Налимов және қорғаушы Михаил Патрикеев бар.

«Барыс» буллиттер бойынша өткен турда «Сібірден» 3:4 есебімен ұтылып қалды. Кёртис Волк дубль жасап, маусымдағы алғашқы шайбасын лақтырған Дмитрий Гурков тағы да көзге түсті. Йони Ортио 21 соққыға тойтарыс берді. Юрий Михайлис командаға ойынға берілгені үшін алғысын білдіріп, оның шәкірттері жеңіске жетуге құқылы екенін мәлімдеді.

23 матчтан кейін «Барыстың» активінде 19 ұпай бар. Қазіргі уақытта Қазақстан астанасының ұжымы плей-офф аймағынан шығып, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде тоғызыншы орынды иеленіп отыр. 24 (9+15) ұпай жинаған Никита Михайлис команданың үздік шабуылшысы болып табылады. Бірқатар ойыншылар Владивосток пен Хабаровскідегі жақын арада ойналатын матчтарда қазақстандықтарға көмектесе алмайды. Лазареттегі Джо Морроуға Коди Куник, Мэттью Фрэттин, Әлихан Әсетов және Алексей Зубов қосылды. 

Өткен жолы «Адмирал» мен «Барыс» 2019-20 жылғы маусымда ойнады. Төрт ойынның тек біреуінде ғана қазақстандық команда жеңіске жетті.

 

«Фетисов Аренада» өтетін матч елорда уақытымен сағат 15:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесідей коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,80 | Х – 4,20 | П2 - 2,20.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2