ҚХЛ. Барыстың плей-оффтағы ойын қорытындысы
18 Наурыз 2021

ҚХЛ. Барыстың плей-оффтағы ойын қорытындысы

Біздің команданың Шығыс конференциясының ¼ финалындағы ойынының кейбір статистикалық нәтижелерін қорытындылаймыз.

«Барыс» « Металлургпен « сериясында екі жеңіске жетті. Бас бапкер Юрий Михайлистің плей-оффтағы алғашқы сәтті матчы 2021 жылдың 4 наурызында өтті.

Алты матчта астаналық ұжым ойыншылары 15 нәтижелі шабуыл жасады (орташа есеппен 2,5 шайба). 22 шайбаны жіберіп алды (орташа есеппен 3,67).

«Барыстың» плей-оффтағы үздік бомбардирі және мергені Кирилл Панюков болды. Шабуылшының есебінде 7 (4+3) ұпай, бұл бірінші раундтың қорытындысы бойынша Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне кіруге мүмкіндік берді.

Линус Виделл серіктестеріне төрт рет көмек көрсетті, бұл командадағы ең жақсы нәтиже.

Қорғаушылар арасында ең жақсы көрсеткіш - Даррен Дицте (5 ұпай, 2+3). Оның есебінде бір жеңісті шайба бар. Капитан ойын уақытының саны бойынша «Барыста» алдыңғы қатарда тұр. Ол мұзда орта есеппен 25 минуттан астам уақыт өткізді. Сонымен қатар, Даррен қарсыластардың 11 соққысына тосқауыл жасады, бұл командадағы ең жақсы нәтиже.

Тағы бір шешуші голдың авторы Роман Старченко болды.

Дмитрий Шевченко күштік тәсілдер  саны бойынша команданың үздігі болды. Оның активінде күштік тәсіл бойынша 23 жетістік бар.

Біздің команданың екі қақпашысы: Хенрик Карлссон мен Йони Ортио бір-бір нәтижелі пастан өз активтеріне жазып алды

«Барыс» плей-офф кезеңінде басымдықпен ойнай отырып,  айтарлықтай жоғары пайыз көрсетті. Біздің ойыншылар 25 әрекетте (32%) 8 рет басымдықты  іске асырды. Салыстыру үшін, тұрақты чемпионатта бұл көрсеткіш 19,1% - ды құрады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады