«Номад» екінші ойын айын Петропавлдың «Құлагеріне» қарсы өз алаңындағы кездесумен бастады. Астана командасы қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.
«Номад» матчтың алғашқы минуттарынан-ақ белсенді ойын көрсетті. Қақпаға бағытталған 10 соққының екеуі голға айналды. Алғашқы шайбаны Хақназар Кенесбай соқты. Ол ұзақ уақытқа созылған жарақатынан кейін осы маусымда алғаш рет мұз айдынына шықты. Даниял Цыбиннің көк сызықтан берген пасынан кейін Хақназар шайбаны Андрей Янков қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады.
Арада көп уақыт өтпей ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы дебютант Асанәлі Саркенов өзінің алғашқы шайбасын соқты. Бұл голда да Даниял Цыбин нәтижелі пасымен көзге түсті. Асанәлі шайбаны Петропавл командасының қақпасына бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші кезеңнің аяқталуына 10 минут қалғанда «Құлагер» Артем Шестаковтың қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын қысқартты.
Үшінші кезеңде Асанәлі Саркенов Янковтың қақпасы маңындағы қарбаласты тиімді пайдаланып, басым құрамда өзінің екінші шайбасын соқты. Осылайша, жас шабуылшы дубль авторы атанды.
Кездесудегі соңғы нүктені Әділ Бейсембаев қойды. Ол да басым құрамда шайба соғып, «Номадтың» 4:1 есебіндегі жеңісін бекітті.
Командалар ертең, 14:00-де, «Барыс Арена» кешенінің В блогында екінші рет кездеседі.
«Номад» - «Құлагер» 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)
1:0 - 07:30 Кенесбай (Русланұлы, Цыбин)
2:0 - 10:15 Саркенов (Русланұлы, Цыбин)
2:1 - 29:07 Борисов (Исмагилов, Гопиенко)
3:1 - 33:32 Саркенов (Шульга, Двуреченский) АГ
4:1 - 49:33 Бейсембаев (Никитин, Маңғысбаев) АГ
Қақпашылар: Шестаков (Лыткин, 52:54-60:00) - Янков
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.