ҚХЛ. Барыс - Сочи. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
02 Қазан 2022

ҚХЛ. Барыс - Сочи. Жаттықтырушылардың түсініктемелері

«Барыс» - «Сочи» матчынан кейін (5:4 ОТ) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Назаров, «Сочи» бас жаттықтырушысы

– Біріншіден, мен өз командама алғыс айтқым келді. Менің ойымша, бүгін өте жақсы, ұйымдасқан ойын көрсеттік. Мықты қарсыласпен ойнадық. «Барыс» үйде жақсы ойнайды. Біз матчты талдадық, бірде-бір әлсіз жақтарын таппадық. Төрт гол соққанымызға қуаныштымын, бірақ өз қақпамызға да гол жіберіп алдық. Осылайша біз келесі ойындарға дайындаламыз.

- Команда барынша күш-жігер салды деп айтуға келе ме?

 - Айту қиын, бұл хоккей ғой. Кей ойындарда қақпаға 16 соққы жасап, бірде-бір гол соға алмайсын, ал кейде екі гол соғып жатасын. Тағы да қайталап айтарым, біз «Барысты» талдадық, команда үй айдынында жақсы ойнайтының білеміз. Мүмкін, сәл сәттілік жетіспеген болар, қате жібердік ал қарсыластар оны пайдаланып қалды.

- Жанкүйерлер үшін бұл қызықты матч болды, себебі тоғыз гол соғылды. Жаттықтырушы тарапынан қараған қалай екен?

- Біз жанкүйерлер үшін жұмыс істейміз ғой, егер жанкүйерлер қызығушылық танытса, онда біз де өз жұмысымызды жақсы жасаудамыз деген сөз.

Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

- Қиын ойын болды, біз ойынды жақсы бастадық деп айта алмаймын. Айтарлықтай жеңіл голдарды өткізіп алдық, қорғаныста сенімді ойнау үшін біздің энергиямыз жетіспеді. Сәйкесінше, бірінші кезеңнен кейін есеп 0:2 болды. Бірақ мен жігіттерге осы кезеңге деген реакциясы үшін, ойынды өзгерте алғанымыз үшін алғыс айтамын. Екінші кезеңде, менің ойымша, қақпаға 24 соққы жасадық. Жақсы голдар соқтық. Тағы гол соғуымыз мүмкін еді, бірақ, өкінішке орай, осыған дейін атағанымдай жеңіл голдарды жіберіп алдық. Бірақ беріспедік, тіпті ойынның негізгі уақытында жеңіске жететін мүмкіндігіміз де болды. Жігіттер беріспей, овертаймда жеңісті жұлып алды. Сондай-ақ, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, керемет атмосфера болды.

- Бірінші кезеңнен кейін қақпашыны ауыстыруды шештіңіз, бірақ неге 0:2 есебінен кейін емес?

- Кезеңнің соңында екінші шайбаны өткізіп алдық, сондықтан қарап, үзіліс кезінде ойланып, қақпашыны ауыстыруды ұйғардық.

- Алыстан бағытталған соққылар болды, бұл қақпашының кінәсі емес сияқты. Неліктен мұндай шешім қабылдадыңыз?

- Толық оның ғана кінәсі емес, келісемін. Біз қақпашыны ол қатты кінәлі болған кезде ғана ауыстырмаймыз. Әр түрлі жағдайлар болады. Оған қоса, ол аздаған жарақат алды. Сондықтан осындай шешім қабылдадық.

 - Сіз осыған дейін айтқаныңыздай, екінші кезеңде қарсыластан гөрі көп соққы жасадық, бірақ төрт мүмкіндіктен олар екі гол соға алды. Шабуылға қатты беріліп кеттіңіз бе немесе қорғаныста сенімді ойнамадыңыз ба?

- Онда қорғаныс болған жоқ, екі қарсы шабуыл орын алды. Шабуылға беріліп - қарсы шабуылдардан екі гол жіберіп алдық.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады