ҚХЛ. Барыс-СКА. Матч алдында
04 Қазан 2020

ҚХЛ. Барыс-СКА. Матч алдында

 Екі апталық карантиннен кейін «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы ойынын қайта бастайды. Чемпионаттағы соңғы матчты команда 14 қыркүйекте өткізді, ол кезде ЦСКА буллиттер сериясында өз жерінде ұтылып қалды – 1:2. Ұзақ кідіріс біздің команданың плей-офф аймағынан түсіп қалуына әкелді, қазіргі уақытта шығыс конференциясының кестесінде 10- орында тұр. Бұл ретте,  «Барыстың» запастағы матчтарының саны айтарлықтай. Маусым басталғаннан бері Кертис Волк  мұздан  ұпайсыз кетпейді -алты матчта алты (2+4) ұпай жинады. «Барыс» сенбі күні әскерилермен өтетін матч алдында бірнеше сабақ өткізіп, мұз жаттығуларын қайта бастады.  Линус Виделль мен Мэтт Фрэттин ҚХЛ-дағы голдық жетістіктер сатысында тұр. Жарақат алған ойыншылардың тізімі бос. 

СКА Қазақстанға Хабаровскіден келді, онда жұма күні жергілікті «Амур» командасын 3:1есебімен жеңді. Владимир Ткачев, Иван Володин және чемпионаттың 17 жастағы дебютанты Никита Чибриков бір-бір шайбадан салды. СКА соңғы матчтарды Лигадағы ең жас құраммен өткізеді. Санкт – Петербург командасының негізгі ойыншыларының көпшілігі жарақат алғандар тізімінде -18 хоккейші, оның ішінде Линден Вей, Миро Аалтонен, Йоонас Кемппайнен және Антон Бурдасов ойында емес. Валерий Брагин шәкірттерін басқара алмайды, Лев Бердичевский жаттықтырушының міндетін атқаруда. Батыс Конференциясының кестесінде СКА 12 ойында 18 ұпай жинап, 2-орында тұр. 

Матч «Барыс Аренада»  астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
 Qazsport және ҚХЛ-ТВ HD-да тікелей көрсетілім өтеді.
Матч БОС ТРИБУНАЛАРМЕН өтеді
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,45 | Х – 4,20| П2 - 2,45.

  «Барыс» ХК Бас әріптесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі