Бүгін «Номад» Өскеменнің «Торпедосына» қарсы сырт айдындағы кезекті кездесуін өткізді. Өкінішке қарай, Константин Пушкарёв ойыншылары жеңіске жете алмады. Елордалық ұжым 3:6 есебімен жеңіліс тапты.
Алғашқы кезеңде алаң иелері Дмитрий Гренцтің дәл соққысының арқасында есеп ашты. Көп ұзамай «Номад» таразы басын теңестірді. Гол авторы - Николай Шульга. Кейін қос команда бір-бірінің қателігін пайдаланып, сан басымдығын жүзеге асырды. Алаң иелері сапынан Артём Николаев, ал елордалықтар қатарынан Артур Гросс мергендік танытты.
Үшінші кезеңнің басында Гросс дубль жасап, «Номадты» алғаш рет алға шығарды. Алайда көп ұзамай Дмитрий Гренц сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Одан кейін Саян Данияр алаң иелерін алға шығарды.
Матчтың соңғы минуттарында «Номад» қақпашысын екі рет алтыншы ойыншыға алмастырды. Алайда екі әрекет те бос қақпаға соғылған шайбалармен аяқталды. Артур Гатиятов «Торпедоның» басымдығын арттырса, Диас Гусейнов кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Командалар арасындағы қарымта кездесу ертең сағат 18:30-да өтеді.
«Торпедо» - «Номад» 6:3 (1:1, 1:1, 4:1)
1:0 - 08:55 Гренц (Николаев, Панченко)
1:1 - 13:24 Шульга (Цыбин, Тусупбеков)
2:1 - 29:26 Николаев (Гренц, Хорошев) АГ
2:2 - 38:41 Гросс (Мангисбаев, Никитин) АГ
2:3 - 41:06 Гросс (Бойко, Королёв)
3:3 - 45:18 Гренц (Николаев, Хорошев) АГ
4:3 - 52:51 Данияр (Бутенко, Гатиятов)
5:3 - 59:00 Гатиятов (Жирнов, Осокин) БҚ
6:3 - 59:33 Гусейнов (Данияр, Гатиятов) БҚ
Қақпашылар: Осокин - Шестаков.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.