ҚХЛ. «Барыс» – «Локомотив». Бапкерлер пікірі (видео)
25 Ақпан 2023

ҚХЛ. «Барыс» – «Локомотив». Бапкерлер пікірі (видео)

«Барыс» - «Локомотив» матчынан кейін (3:5), командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Игорь Никитин, «Локомотив» ХК бас бапкері

- Тұрақты маусым аяқталды. Жанкүйерлердің команданы қолдауға келгені өте керемет, біз мұны бағалаймыз. Матч нәтижесіне әсер еткен голдар соқтық. Әрине, ойымыз қазір плей-оффта.

- Ойша плей-оффты бастап кеткендеріңіз анық, қарсылас «Витязь» болады. Ойынына талдау жасадыңыздар ма?

- Бірінші кезеңде қарсыласымыз кім болатыны әлі нақты белгілі емес. Қарсыласты таңдаған да, талдаған да жоқпыз. Өз жұмысымызды атқардық, сондықтан нәтиже күтеміз. Уақыт болады, дайындаламыз.

- Ойын соңына дейін бес минут қалғанда, кейінге шегерілген айып уақыты болды. Команда осы кездегі шабуылдардың нүктесін қоюға асықпағандай көрінді.

- Келісемін. Тәуекел етудің не қажеті бар? Бастысы, өз қақпамызға шабуыл өткізіп алмасақ болды. Өзіңіз айтқандай, шайбаны ұстауға мүмкіндік болды, біз оны қолдандық.

Андрей Скабелка,  «Барыс» ХК бас бапкері

- Жанкүйерлерге ештеңеге қарамастан, аренада хоккей атмосферасын жасағандары үшін алғыс айтқым келеді. Соңына дейін қолдау көрсетті. Ойын жайында. Айтарлықтай жеңіл шайбалар жібердік. Жігіттер жанкүйерлерді қуантқысы келді, алайда, өкінішке қарай, бұл қолымыздан келмеді. Маусым осымен аяқталды.

- Команда плей-офф үшін күрес жүргізуді тоқтатқаннан кейінгі ойындарда, әсіресе соңғы матчтарда бір кезеңде үш гол жіберіп, одан кейін кейбір сәттерде жақсы ойын көрсетіп, қарсыласты қуып жетіп отырды. Психологиялық фактор ма?

- Бұған қатысты ойым өзгеше, ойыншыларға мүмкіндік берілді. Биыл «Барыс» үшін ерекше маусым болды десек те болады, жыл сайын легионерлер саны көп болатын. Ал биыл бір ойында 5-6 легионер ғана болды. Жігіттер көп ойын уақытын алды, ҚХЛ-да өнер көрсетті, өздерін дәлелдеуге тырысып бақты. Плей-оффқа өтпей қалдық, одан не өзгерді? Хоккей ойнауды тоқтаттық па? Спортшыда ішкі мотивация болмаса, ол – оның ең нашар қасиеті. Кәсіби спортшы үшін бастысы – кез келген жағдайда жеңіске жету. Егер мұндай мақсатың, мотивация болмаса, онда бәрі бекер.

- Бүгін құрамда Бракко мен Луис болған жоқ. Олардың жоқтығы қаншалықты сезілді, әлде бәрі керісінше ме?

- Расымен, қазір ойымыз бен назарымыз жігіттерді ұлттық құрамаға даярлауға бөлініп, ауды. Сондықтан, оларға осындай деңгейде өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Плей-оффқа шықпағанымыз түсініктә, Бракко немесе Луис шайба соғуы мүмкін еді, бірақ бізге құрама командада өнер көрсетуге үміткер ойыншылардың әртүрлі жағдайда қандай шешім қабылдайтынына қарау маңызды болды. Осы жауап қақпашыларға да қатысты.  

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындылары. Мстислав Шипилин

new-preview
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындысы Асанәлі Русланұлы

new-preview
22 фото
Snezhnye Barsy

Сибирские Снайперы - Снежные Барсы