ҚХЛ. "Барыс" – "Йокерит". Матч алдында
02 Ақпан 2019

ҚХЛ. "Барыс" – "Йокерит". Матч алдында

Сенбіде «Барыс» Астанада Шығыс Конференциясының тағы бір көшбасшысы финдық  «Йокеритті» қабылдайды. Біздің команда бейсенбіде өз айдынында чемпионат көшбасшысы СКА-ға ұтылды-2:3. Андре Петерсонның жылдам шайбасынан соң айдын иелері аз құрамда қалды-Патрис Кормье матч соңына дейін алыстатылды. СКА 12 минут ішінде үш рет гол соқты, оның ішінде екі рет көп құрамда. Өз кезегінде «Барыс» екінші және үшінші кезеңдерде армияшыларға қарай үш рет лақтырыс жасағанмен, Даррен Дицтің шайбасымен ғана жауап бере алды. Кормье дисквалификациядан құтылып кеткенімен, ақшалай айыппұлға тап болды. Шығыс Конференциясының кестесінде команда үшінші жолды сақтап қалды-54 матчта 75 ұпай. Жарақаттанғандар тізімінде екі ойыншы-қақпашы Доминик Граховина және форвард  Кёртис Волк. 

"Йокерит"  Шығыс Конференциясы қалалары бойынша көшпелі серия аясындағы өзінің үшінші матчын өткізеді. Сейсенбіде «Салават Юлаевты» жеңген соң, Лаури Марьямякидің командасы Новосибирскте «Сібірмен» болған ойында екі ұпай алды-4:3ОТ. Шайба бойынша салғандар Грант, Плэтт, Йоэнсуу және Лепистё. Брайан О'Нилл үш нәтижелі беріліс жасады. Қақпашы  Янис Калниньш  23 соққыны тойтарды. Шығыс Конференциясының кестесінде «Йокерит» 4-жайғасымда-54 ойында 74 ұпай. Қорғаушы Майк Дандин және форвард Макс Варн жарақаттанғандар тізімінде. Бұл «Барыс» пен «Йокериттің» ағымдағы маусымда екінші рет кездесуі.  23 қарашада Хельсинкиде «Барыс» матчтан кейінгі лақтырыстар сериясында сәттірек ойын көрсетті -2:1Б.

«Барыс Аренада» матчтың басталуы Астана уақытымен 17:00.
Тікелей көрсетілім  Qazsport және КХЛ-ТВ HD телеарналарында.
Жанкүйерлер үшін аренаға апаратын автобустар ұйымдастырылған. 
Ойнатылымдар мен билеттер туралы ақпаратты осы жерден алуға болады. 

 
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады