Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді
26 Сәуір 2024

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

IMG_0398.JPG

«Барыс» хоккей клубы Әлихан Әсетовпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлайды. Екіжақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2025 жылдың 31 мамырға дейін).

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бүкіл мансабын дерлік «Барыс» жүйесінде өткізді. Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында Әсетов 41 матчта өнер көрсетіп, үш нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ, Әлихан «Номад» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ProLigasy плей-офф кезеңінде ол 12 матч өткізіп, 9 (4+5) ұпай олжалады.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Әсетовті тәжірибелі ойыншылардың бірі деуге болады, оның ҚХЛ-да өнер көрсетіп келе жатқанына алты жыл болды. Әлихан кез келген жағдайда командаласын қорғауға дайын, мұз айдындағы күрес пен алаң бұрыштарында жасалатын жұмыстан қорықпайды. Сондықтан келесі маусымда командадағы көшбасшы ойыншылардың бірі атанады деп сенеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының кестесі мен құрамы

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Nomad
Snezhnye Barsy

Номад – Pro Ligasy маусымының алғашқы финалисі