
"Барыс" үй матчтарының жаңа жылдық сериясын "Амур" командасымен болатын кездесуімен ашпақ.
Хабаровск ұжымы Қазақстан астанасына "Сібірден" жеңілгеннен кейін келді. Новосібірдегі кездесу буллиттер сериясында аяқталды, алаң иелері мергендік танытты– 3:2. "Амур" құрамында салынған шайбалармен Валентин Пьянов пен Томаш Зогорна көзге түсті. Лайықты ойынды 28 соққыны тойтарып берген қақпашы Евгений Аликин көрсете алды.
Қазіргі уақытта Сергей Светловтың шәкірттері шығыста оныншы орында – 39 матчтан кейін 31 ұпай. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Валерий Васильев, сондай-ақ шабуылшылар Дмитрий Архипов пен Артем Железков бар.
"Барыс" сәрсенбіде өзінің көшпелі сериясын сәтті аяқтады. Балашихада қазақстандық ұжым "Авангардты" жеңді – 3:1. Роман Старченко, Якоб Лильи және Фила Варонаның дәл лақтырыстары, сондай-ақ Йони Ортионың орындауындағы 25 тойтарыс командаға жеңіс әкелді.
35 кездесуде "Барыс" 41 ұпай жинады. Бұл шығыс конференциясында сегізінші орынға ие болуға мүмкіндік береді. Команданың лазаретінде қорғаушы Виктор Сведберг бар.
Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Амур" әлі бетпе-бет жекпе-жектерде кездескен жоқ.
"Барыс-Аренада" өтетін матч елорда уақытымен 17:00-де басталады.
Тікелей трансляция Qazsport арнасында .
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 - 1,65 | Х – 4,50 | П2 - 4,50.
"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.