ҚХЛ. Автомобилист-Барыс. Матч алдында
27 Қаңтар 2020

ҚХЛ. Автомобилист-Барыс. Матч алдында

"Барыстың" көшпелі сериясы Екатеринбургте жабылады – дүйсенбі күні біздің команда жергілікті "Автомобилистпен" осы сезондағы бесінші кездесуін өткізеді. Оралдық командасымен өткен төрт матчта "Барыс" үш жеңіске жетті, соның ішінде, Екатеринбургте 2019 жылдың қараша айының соңында 2:1 есебімен жеңді. Соңғы екі матчта қатарынан төрт жеңістен кейін "Барыс" Санкт-Петербургтегі СКА мен Уфадағы "Салават Юлаевтан" жеңіліп қалды. Шабуылшы Линус Виделль қатарынан төрт матчта ұпай жинап келуде (2+5). Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" 50 матчта 67 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Шабуылшы Ииро Пакаринен жарақат алғандардың тізімінде қалады.


"Автомобилист" үшін "Барыспен" кездесу ағымдағы үй сериясындағы үшінші болмақ. "Тракторды" жеңгеннен кейін (4:1) Андрей Мартемьяновтың командасы сенбі күні "Ақ Барыс" конференциясының көшбасшысына жол берді – 2:3. Шайбалардың авторлары Джефф Плэтт және Найджел Доус болды. Үшінші кезең барысында "Авто" қақпашы Якуб Коваржаны ауыстыруға мәжбүр болды, ол жарақаттануына байланысты соңына дейін ойна алмады. Бұдан басқа, команданың жарақат алғандардың тізімінде қорғаушы Николай Стасенко мен шабуылшы Степан Хрипунов, Александр Кучерявенко және Артем Гареев бар. Шығыс кестесінде "Автомобилист" "Барыстан" запастағы матчта екі ұпайға артта қалды - 51 матчта 65 ұпай.


Екатеринбургтегі матч астана уақыты бойынша сағат 20: 00 басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD телеарналарында өтеді.
Fonbet – "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,25 | Х - 3,90 | П2 - 2,85. Толығырақ сілтеме бойынша


 "Барыс" ХК-ның бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2