Pro Ligasy финалы. Номад үшінші жеңісіне жетті
07 Сәуір 2026

Pro Ligasy финалы. Номад үшінші жеңісіне жетті


Бүгін «Қарағанды Аренада» «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы серияның үшінші матчы өтті. Кездесуде қонақтар жеңіске жетті. 5:1 есебімен «көшпенділер» алдыңғы ойындағы сәтсіздік үшін қарымта қайтарып, серияда алға шықты.


Алдыңғы кездесулерге қарағанда, бұл жолы «Номад» ойынды алғашқы минуттардан бастап белсенді бастады. Есепті Вячеслав Колесников, Батырлан Мұратов және Всеволод Логвин ашты. Екінші кезеңде команданың басымдығын Мәди Диханбек пен Саян Данияр нығайтты.


«Сарыарқа» сапындағы жалғыз шайбаны Данила Карабань соқты.


Енді 9 сәуір күні сағат 19:00-де елордалық ұжым өз алаңында қарағандылықтарды қабылдайды.


«Сарыарқа» – «Номад» 1:5 (0:3, 1:2, 0:0)

0:1 – 06:24 Колесников (Оразов, Бритиков)

0:2 – 11:54 Мұратов (Логвин, Бритиков)

0:3 – 16:43 Логвин

0:4 – 24:46 Диханбек (Гатиятов, Данияр)

1:4 – 31:13 Карабань (Кузьменко, Лихотников) АГ

1:5 – 34:05 Данияр


Қақпашылар: Кадочников (Ибрагимов, 20:47-22:18, 24:46-60:00) - Калмыков


Сериядағы есеп: «Номад» - «Сарыарқа» 3-1 (5:4 ОТ3, 5:2, 1:7, 5:1)

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Майкл Веккьоне

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды