Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
26 Мамыр 2026

Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты


«Барыс» хоккей клубы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. 23 мамыр күні клуб басшылығы, жаттықтырушылар, ойыншылар және қызметкерлер сенбілікке қатысып, сондай-ақ көпфункционалды «Барыс Арена» мұз сарайының аумағын абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

Сәкен Мұсайбеков, «Барыс» клубының бас директоры:

–Біздің ұжым өте маңызды акцияны қолдап, ортақ іске өз үлесін қосты. Себебі тазалық пен жайлылық әр адамның жеке ұстанымынан басталады. Осындай іс-шаралар қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастырып, қоғамның жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді деп есептеймін.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде өткізіліп, азаматтардың экологиялық мәдениетін нығайтуға бағытталған.

DSC_4723.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3