Евгений Рымарев: «Бір-екі гол соғуымыз керек еді»
17 Қараша 2023

Евгений Рымарев: «Бір-екі гол соғуымыз керек еді»

photo_011.jpg

«Барыстың» шабуылшысы Евгений Рымарев ҚХЛ-ға оралғаннан кейін эмоцияларымен бөлісіп, «Трактормен» болған ойынды қорытындылады.

- Евгений, қайтып оралуыңызбен! Өзінді қалай сезінудесің?

- Керемет сезім, үйге оралғандай, бәрі туған, бәрі өзіңдікі. Ұсыныс келіп түскеннен кейін бәрін талқыладық. «Барысқа» барамын деп шештім.

- Сен болмаған кезде ҚХЛ-да не өзгерді?

- Әзірге бірдеңе айту қиын, мен тек бір ойын өткізіп үлгердім. Менің ойымша, қақпадан тыс үш секундтық ереже бүкіл командалардың стратегиясын және жалпы ойынды айтарлықтай өзгертті. Бұл ереже ЖХЛ-ға да енгізілді, хоккей қатты өзгерді. Менің ойымша, қазір бәрі бейімделіп, жаңа нәрсе ойлап табады.

- Жаттықтырушылар штабы сен, Даниил Апальков және Роман Старченко бар буынды байқап көрді көрді. Өзін ойнаған буынның әрекетін қалай бағалайсың?

- Әрине, жаттықтырушыларға кіммен кімді бірге қою керектігін жақсы біледі. Рома екеуміз бірге көп ойнағанымызға қарамастан, бір-бірімізге үйрену әлі де қажет деп санаймын. Кім қайда жүгіретінін, кім қайда болуы керек екенін және қайдан ашылатынын талдаймыз. Менің ойымша, бірнеше ойыннан кейін бәрі жақсы болады.

- Сонымен бірге, «Трактормен» болған матчта сіз бірнеше өте қауіпті шабуыл жасадыңыз.

- Иә, жақсы ойнадық және сәттер де болды. Бір-екі гол соғуымыз керек еді, бірақ, өкінішке орай, соға алмадық. Қарсыластарға өзіміз мүмкіндік беріп қойдық, текке ойыннан қуылдық, ал «Трактор» бұны пайдаланып қалды. Иә, және айтылғандай, гол соқпасан жеңу мүмкін емес.

- Кеше бір рет қана көпшілікте ойнадық, оның өзі толық болмады. Бұл өзіміз белсенділік танытпадық па, әлде қарсылас осылай ойнады ма?

- Қарсылас ойын тәртібін бұзбай ойнады. Төрешілер жақсы жұмыс жасады. Иә, көпшілікте бір рет ойнадық, бірақ өзіміз қате ауысып, ережелерді бұздық. Демек, басқа матчтарда мүмкіндіктер болады деген сөз.

- «Барыс» қазір қиын жағдайда және әзірге плей-офф аймағынан тыс қалып жатыр. Бұл жағдайды қалай түзеуге болады?

- Командалық әрекеттер есебінен. Командадағы әр адам жеңіске жететініне сеніп, жеңіске ұмтылуы керек. Сонда нәтиже болады.

- Алда «Металлургпен» ойын күтіп тұр, көбі үшін бұл ойын ерекше болып табылады. Ал сен үшін қалай?

- Мен үшін бұл матч ерекше болмайды. Ойынға кірісіп, жылдамдықтарға бейімделіп, тез шешім қабылдау керек. Ең бастысы бұл жеңіске жету, сондықтан команда, ең алдымен, шабуылда жақсы ойнау қажет. Шығып, жеңіске ұмтылу керек.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады