Эмиль Нұрғалиев: "Енді маусымда гол соғу керек еді"
21 Тамыз 2023

Эмиль Нұрғалиев: "Енді маусымда гол соғу керек еді"

"Барыс" жейдесінде алғашқы шайбасын соққан қорғаушы Эмиль Нұрғалиев маусым алды турнирлерде "Локомотивпен" үшінші ойынның қорытындысын шығарды.

- Бүгін жақсы матч өткіздік. Бүкіл ойын бойы жаттықтырушы нұсқауын орындадық, шыдамдылық таныттық, гол соғудың сәтін күттік. Бұл өз нәтижесін берді маусым алды турнирлерде бірінші матчта жеңіске жеттік.

- Голды қалай соқтың?

- Жаттықтырушылар барлық қорғаушыларды егер шайба оларға келіп жатса, бірден қақпаға лақтыруды сұрайды. Солай болып шықты. Саня Борисевич шайба тастауда жеңіп, шайбаны бізде сақтап қалды. Бірінші ойыншының тұсынан қақпаны көздедім, қақпашы оны көрмеді, міне осылайша гол оқтым.

- "Барыс" құрамында соққан алғашқы шайбаны кімге арнайсың?

- Енді маусымда гол соғу керек (күлімсірейді). Мен бұл голды ата-анама арнаймын.

- Бүгін де қорғаныста көп ойнауға тура келді, соның ішінде азшылықта ойнадық. Неліктен әлі де қарсыластарыңызға көп мүмкіндік береміз, неге әр ойында үшеуден ойнап жатамыз?

- Неге бұлай болатынын білмейсің. Кейде қарсылас қысым жасап жатады, кейде өзіміз қателесіп жатамыз. Мұндай жағдайларда ең бастысы - бұл дұрыс қорғаныс. Бүгін бәрі дұрыс әрекет етті, шайбаға тосқауыл болды. Эдди де жақсы көмектесті.

- Бұл осы жазда "Локомотивпен" өткізілген үшінші матч осы жолы да ойын өте қиын өтті.

- Жақсы команда, ұтқыр, жылдам қозғалады. Олар шайбаны жақсы ұстап, үнемі қысым жасап тұрды. Ойлануға көп уақыт бермейді. Бірақ мұндай командамен ойнаған жақсы, кейін оңайырақ болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады