Джейк Масси Барыс құрамын толықтырды
15 Тамыз 2025

Джейк Масси Барыс құрамын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы канадалық қорғаушы Джейк Массимен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.

Массиді 2015 жылы «Каролина Харрикейнз» драфтта таңдаған, алайда оның ең сәтті маусымдары «Вашингтон Кэпиталз» клубының жүйесінде өтті. «Херши Беарс» сапында ол екі мәрте Колдер Кубогын жеңіп алды. Өткен маусымда Джейк АХЛ-дегі 23 матчта 2 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді.


Джейк Масси туралы мәлімет:

Туған күні: 1997 жыл 21 қаңтар

Алаңдағы орны: қорғаушы

Бойы: 185 см

Салмағы: 91 кг

Ойын таяғын ұстау бағыты: сол жақ


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

massie.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер