Бояркин мен «Барыс» келісімшартты ұзартты
01 Шілде 2023

Бояркин мен «Барыс» келісімшартты ұзартты

«Барыс» хоккей клубы Никита Бояркинмен келісімшартқа қол қойылғанын ресми мәлімдейді. Екі жақты келісімшарт 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін, яғни екі маусымға есептелген.

Биыл Бояркин Құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші маусымын өткізеді. Өткен маусымда Никита 33 кездесуде қақпа қорғап (1630 минуттан астам ойын уақыты), 90,6% соққыны кері қайтарған. Оның сеніміділік коэффициенті – 2,72.

Вячеслав Белан, «Барыс» бас менеджері:

- Никита - клубтың маңызды мүшелерінің бірі. Оның ҚХЛ-да алатын ойын уақыты жыл санап артып келеді, ол өзімен өте көп жұмыс істейді. Сондықтан келер маусымда жаңа деңгейге шығады деп үміттенеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2