Барыс пен Горняк ойыншылармен алмасты
06 Шілде 2026

Барыс пен Горняк ойыншылармен алмасты

«Барыс» пен «Горняк» клубтары арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде елордалық клуб жүйесіне қазақстандық қақпашы Владислав Нурек қосылды. Ол «Барыспен» 2028 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімге, екі маусымға арналған екіжақты келісімшартқа қол қойды. Ал кері бағытта Рудный қаласының командасына қақпашы Владимир Никитин ауысты. Сонымен қатар «Горняк» ақшалай өтемақы алды.

Владислав Нурек кәсіби мансабының басым бөлігін «Горняк» сапында өткізді. Өткен маусым оның негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ең үздік маусымы болды. Pro Ligasy тұрақты чемпионатында қақпашы бір ойында орта есеппен 2,66 шайба жіберіп, соққылардың 92%-ын қайтарды. Оның қатысуымен команда 19 жеңіске жетті.

Сондай-ақ Владислав жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған. Биыл мамыр айында Нурек алғаш рет бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына қатысқан ұлттық құраманың өтініміне енгізілді.


Владислав Нурек

Туған күні: 14.04.2000.

Амплуасы: қақпашы.

Бойы: 179 см.

Салмағы: 72 кг.

Торқолғабы: сол.


«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников

- Владислав Нурек - бүгінгі таңда Pro Ligasy-ның ең үздік қақпашылардың бірі екені сөзсіз. Бапкерлер штабымен өткен кеңестерден кейін қақпашылар шебін күшейтіп, ішкі бәсекелестікті арттыру үшін дәл осындай ойын үлгісіндегі қақпашының қажет екеніне тоқталдық. Оның жуырда Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алуы - тұрақты еңбегінің заңды жемісі. Владиславты «Барыс» жүйесінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз!

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

IMG_3270.JPG
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы бірқатар хоккейшілермен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындылары. Александр Перкин