Барыс JastarLigasy тұрақты чемпионатын екінші орынмен аяқтады
15 Ақпан 2026

Барыс JastarLigasy тұрақты чемпионатын екінші орынмен аяқтады

Тұрақты маусымның қорытынды турында «Барыстың» жастар командасы оңтүстік астанада ойын өткізді. «Алматыға» қарсы өткен екі кездесу де елордалық ұжымның пайдасына шешіліп, команда қоржынына төрт ұпай қосты.

Алғашқы матчта Нұрәли Айтмағамбетов пен Андрей Церульников дубль авторы атанды. Қонақтардың төрт нәтижелі шабуылына Алдияр Қабдуәлі (1+3) тікелей қатысты.

«Алматы» - «Барыс» 1:10 (0:2, 0:3, 1:5)

0:1 - 07:58 - Церульников (Қабдуәлі)

0:2 - 13:10 - Қабдуәлі (Айтмағамбетов, Ломако) АГ

0:3 - 25:10 - Харченко (Құбатаев, Гафуров) АГ

0:4 - 28:00 - Церульников

0:5 - 39:33 - Айтмағамбетов (Қабдуәлі)

1:5 - 48:32 - Сергиенко (Ахалбеков)

1:6 - 51:53 - Айтмағамбетов (Толстунов, Тілеубаев)

1:7 - 53:51 - Гафуров (Харченко, Дронов)

1:8 – 54:15 – Құбатаев (Мейірман)

1:9 - 58:44 - Саттар (Кенжеғали, Шакенов)

1:10 - 59:58 - Тілеубаев (Ломако, Қабдуәлі)

Қақпашылар: Колесник (Павлов, 54:15-60:00) - Кравцов

Қайта өткен кездесуде елордалық командаға жеңіс сыйлаған голдардың авторлары Андрей Церульников, Леонид Шакенов және Нұрали Айтмағамбетов болды. Арсений Кучковский 23 сейв жасады.

«Алматы» - «Барыс» 2:3 (1:1, 1:2, 0:0)

1:0 - 08:32 - Ырыс (Сергиенко, Марат) АГ

1:1 - 12:06 - Церульников (Шакенов, Шегебаев)

2:1 - 23:48 - Ивановский (Ырыс, Ахалбеков)

2:2 - 27:49 - Шакенов (Шегебаев, Алпкарин) АГ

2:3 - 33:01 - Айтмағамбетов (Мұқашев, Қабдуәлі)

Қақпашылар: Павлов - Кучковский

Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша «Барыс» 84 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар команда лигадағы ең нәтижелі ұжым атанды  (316 соғылған шайба).

   DSC_0004 с.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы