Ойынның есебі 28-минуттың соңында ашылды. Даниил Пыленков қонақтардың қатарынан үшінші рет ереже бұзуын тиімді пайдаланып, есеп ашты. Алайда «Барыс» тез жауап берді. Кирилл Савицкий қақпа сыртынан берген пасымен Дінмұхамед Қайыржанды соққыға шығарды. Оның алғашқы соққысын Максим Моторыгин қайтарғанымен, Ансар Шайхмедденовтің қосымша соққысы нәтижелі болды.
Қорытынды үшінші кезең астаналықтардың пайдасына шешілді. Олар өз мүмкіндіктерін ұқыпты пайдаланды. Алдымен Семён Симонов жойқын қарсы шабуылда нүкте қойды. Артынша Иэн Маккошен көк сызықтан дәл соққы жасап, айырманы ұлғайтты. Тағы он минут өткен соң Дінмұхамед Қайыржан Алихан Өмірбековтің дәл пасынан кейін басымдықтағы мүмкіндікті сәтті іске асырды. Қорытынды сиренаға аз қалғанда Никита Гусевтің артықшылықта соққан шайбасы ойынды өзгерте алмады. 21 желтоқсанда қазақстандық ұжым өз мұз айдынында «Сочиді» қабылдайды.
«Динамо» Мәскеу - «Барыс» 2:4 (0:0, 1:1, 1:3)
1:0 – 27:58 – Пыленков (Гусев, Сикьюра) АГ
1:1 – 30:29 – Шайхмедденов (Қайыржан, Савицкий)
1:2 – 40:48 – Симонов (Логвин)
1:3 – 42:22 – Маккошен (Морелли, Веккьоне)
1:4 – 52:24 – Қайыржан (Өмірбеков, Савицкий) АГ
2:4 – 55:23 – Гусев (Пыленков) АГ
Қақпашылар: Моторыгин - Шутов
«ВТБ Арена». 8 158 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.