Барыс СКА-дан тағы да ірі есеппен жеңілді
02 Наурыз 2026

Барыс СКА-дан тағы да ірі есеппен жеңілді

Наурыз айына жоспарланған алты сырт алаңдағы матчтың екіншісін «Барыс» Санкт-Петербургте өткізді. Ойынға астаналықтардың құрамында үш өзгеріс болды. Төртінші құрамда Кирилл Ляпуновтың орнына Максим Мухаметов шықты. Жетінші қорғаушы позициясында Кирилл Никитин Дмитрий Бреустың орнын басты. Ал қақпаны бапкерлер штабы екі күн бұрын Мәскеудегі кездесуді аяқтаған Андрей Шутовқа сеніп тапсырды.

Кездесуді жаман бастамаған қонақтар тағы да өз сәттерін жүзеге асыруда қиындықтарға тап болды. Ал петербургтік хоккейшілер керісінше, мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, екінші үзіліске дейін қарсылас қақпасын бес мәрте дәл көздеді. Михаил Воробьёв, дубль авторы атанған Сергей Плотников, Егор Савиков және Матвей Поляков мергендік есептерін толықтырды. Үшінші шайбадан кейін «Барыс» қақпасына Адам Шил шықты.

Қорытынды кезеңде Плотников хет-трик жасап, тағы бір шайбаны Матвей Короткий соқты. 7 наурыз күні Михаил Кравецтің ойыншылары Шанхайда «Дракондармен» кездеседі.

СКА - «Барыс» 7:0 (2:0, 3:0, 2:0)

1:0 - 09:33 - Воробьёв (Дишковский, Голдобин)

2:0 - 11:53 - Плотников (Педан, Голдобин)

3:0 - 24:19 - Савиков (Бландизи, Уилсон)

4:0 - 32:08 - Плотников (Голдобин, Уилсон)

5:0 - 36:49 - Поляков (Сапего, Гримальди)

6:0 - 51:07 - Плотников (Голдобин, Филлипс)

7:0 - 56:29 - Короткий (Хайруллин, Савиков)

Қақпашылар: Плешков - Шутов (Шил, 24:19-60:00)

«Ледовый дворец». 7 698 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

ska-barys_FSD-3144.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы