Барыс Нефтехимиктен овертаймда жеңісті жұлып алды
02 Қазан 2026

Барыс Нефтехимиктен овертаймда жеңісті жұлып алды

Қазан айындағы алғашқы ойынын «Барыс» Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикке» қарсы өткізді. Елордалық клубтың жаттықтырушылар штабы матчқа дейін құрамға небәрі екі өзгеріс енгізгенімен, шабуыл шебіндегі ойыншылардың басым бөлігін жаңа үйлесімде орналастырды. Құрамға Кирилл Панюков қосылып, Кирилл Ляпуновтың орнын басты. Қақпаны қорғау міндеті Хантер Шепардқа жүктелді.

Қонақтар матчты белсенді бастап, бесінші минуттың соңына қарай есеп ашты. Джастин Бэйли дәл соққысымен гол соғып, ұзаққа созылған нәтижесіз сериясын үзді. Ал бірінші кезеңнің соңына қарай «Нефтехимик» аз мүмкіндіктерінің бірін тиімді пайдаланды. Матвей Надворный шабуыл аймағына кіре бере қақпаның алыс бұрышына дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

Екінші кезеңнің басында Андрей Белозёров алаң иелерін алға шығарды. «Барыс» көп күттірмей жауап берді. Тайс Томпсон шабуылға екінші толқынмен дер кезінде қосылып, есепті қайта теңестірді.

Үшінші кезеңде Максим Федотов пен Артур Тянулин «Нефтехимикке» екі шайба басымдығын сыйлады. Алайда «Барыс» берілмеді. Әлихан Өмірбеков басым құрамда гол соғып, есеп айырмасын қысқартса, матч аяқталуына небәрі 12 секунд қалғанда Гарретт Пилон таразы басын теңестірді.

Овертаймда Семён Симонов шешуші шайбаны соғып, «Барыстың» қатарынан үш матчқа созылған жеңіліс сериясын үзді.

4 қазанда Михаил Кравец ойыншылары Мәскеуде «Спартакпен» кездеседі.

«Нефтехимик» - «Барыс» 4:5 ОТ
 (1:1, 1:1, 2:2, 0:1)

0:1 - 04:37 - Бэйли (Дэй, Маккошен)

1:1 - 16:35 - Надворный (Кол, Артемьев)

2:1 - 20:34 - Белозёров (Жафяров)

2:2 - 27:08 - Томпсон (Симонов, Морелли)

3:2 - 44:18 - Федотов (Петунин, Точилкин) АГ

4:2 - 47:32 - Тянулин (Бикмуллин, Митякин)

4:3 - 49:37 - Өмірбеков (Приски, Бэйли) АГ

4:4 - 59:48 - Пилон (Дэй)

4:5 - 61:32 - Симонов (Логвин)

Қақпашылар: Озолин - Шепард

«Нефтехим Арена». 3 092 көрермен.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

498A1966.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад - Құлагер матчының екінші ойыны қарсаңында

new-preview
15 фото
Nomad

Номад - Кулагер

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 10-шы жеңісіне қол жеткізді